Қазақстанның халықаралық қоры қайта толығуда

1460

Қыркүйек айында Қазақстанның валюта қоры 4,5%-ға өсті. 

Қазақстанның халықаралық қоры қайта толығуда

2019 жылы қазан айының соңындағы көрсеткіштер бойынша Қазақстанның халықаралық қоры 29,5 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6%-ға жоғары. Алайда валюталық қор бес жылдан бері азаюда. Бүгінде оның көлемі 11,2 млрд долларға жетті. Бұл ретте еркін конвертацияланатын валюталық активтер 4,5%-ға өсті.

Қазақстанның халықаралық алтын қоры да өсіп келеді. Соңғы бес жылда оның көлемі 7 млрд доллардан 18,3 млрд долларға дейін артқан. Осылайша еліміздің алтын бойынша активтері 62%, ал валюталық активтер 38%-ды құрады. Бұл экономикалық қиындықтар туған жағдайда ұлттық валюта бағамының тұрақтылығын сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Қазан айындағы көрсеткіштер бойынша алтынның 1 унциясының әлемдік бағасы 1506,4 доллар болса, қыркүйек айында бұл көрсеткіш 1487,6 доллар еді.

Әлемдік алтын кеңесінің мәліметтеріне сүйенсек, 2018 жылы орталық банктердің алтын сатып алу көрсеткіші 651,5 тоннаға жеткен. 2017 жылмен салыстырғанда 73,8%-ға жоғары. Бұл 1971 жылдан бері ең жоғары көрсеткіш. 

Бұдан бөлек 2018 жылы Қазақстан алтын сатып алу бойынша Ресей мен Түркиядан кейінгі үшінші орынға жайғасқан. Яғни еліміздің бағалы металл қоры бір жылдың ішінде 50,6 тоннаға өскен.

Сонымен қатар Ұлттық банк биылғы жылдың алғашқы сегіз айында алтын қорын 26,9 тоннаға ұлғайтып, еліміз әлемдік рейтингте Өзбекстан, БАӘ, Ұлыбританияны басып озып, 16 сатыға тұрақтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу