Қазақстанның халықаралық қоры наурыз айында 2,7%-ға қысқарды

960

Ал Ұлттық банктің жалпы халықаралық қоры 0,26%-ға артып, 29,967 млрд долларды құрады.

Қазақстанның халықаралық қоры наурыз айында 2,7%-ға қысқарды

2020 жылдың наурыз айының  қорытындысы бойынша Ұлттық банктің жалпы қоры мен Ұлттық қор қаражатын қосқандағы Қазақстанның халықаралық қоры 87,429 млрд долларды құрады, деп хабарлады реттеушінің баспасөз қызметі. 

Ал 2020 жылдың ақпан айының соңында еліміздің халықаралық қоры 89,887 доллар болатын. Осылайша наурыз айында бұл көрсеткіш 2,7%-ға төмендеген.

Наурыз айының қорытындысы бойынша Ұлттық банктің жалпы халықаралық қоры 0,26%-ға артып, 29,967 млрд долларды құрады. 

Ал Ұлттық қор активтері 4,23%-ға қысқарып, 57,462 млрд долларға жетті. Сонымен қатар өткен айда Ұлттық банктің таза халықаралық қоры 0,27%-ға артып, 29,485 млрд долларға тұрақтады. Бұл ретте валютадағы активтер 7,42%-ға өсіп, 10,298 млрд долларды құрады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу