Қазақстанның халықаралық резерві 435 млн долларға азайды

1194

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Қазақстанның алтын қоры қанша тоннаға жеткенін және халықаралық резервте қанша қаражат бар екенін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанның халықаралық резерві 435 млн долларға азайды

"Алтын-валюта резерві бір айда 309 млн долларға төмендеп, қарашаның соңында 35,5 млрд долларды құрады. Алтын портфелі шамамен 407 тоннаға жетіп, 267 млн долларына өсті", – деді Ұлттық банк төрағасы. 

Ерболат Досаевтың сөзінше, еркін конвертацияланатын валютадағы активтер валюталық интервенция, мемлекеттік борышты төлеу және үкіметтің шоттары бойынша басқа да операциялар есебінен 575 млн долларға төмендеді. 

"Жалпы халықаралық резерв бір айда 435 млн долларға азайып, 90,5 млрд долларды құрады", – деді Ұлттық банк төрағасы.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу