Мемлекет басшысы: Қазақстанның халықаралық резервтері 90 млрд доллардан асты

739

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Тәуелсіздік жылдары 370 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы: Қазақстанның халықаралық резервтері 90 млрд доллардан асты

"Ауқымды реформалардың арқасында отандық экономиканың көлемі нақты мәнде 2,5 есе ұлғайды. Халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі доллар эквивалентінде 13 еседен астам өсті. Бұл біздің елді Орталық Азияда сөзсіз көшбасшы етті. Қазақстанға 370 млрд доллардан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш бойынша жан басына шаққанда біз барлық посткеңестік кеңістік пен бірқатар Шығыс Еуропа елдерінен озамыз. Қазақстанның халықаралық резервтері 90 млрд доллардан асады", – деді ол. 

Оның айтуныша, өңірлерді, көлік инфрақұрылымын, әлеуметтік саланы дамытудың арқасында 13 мың шақырым автожол мен 2 700 шақырым темір жол салынды және реконструкцияланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу