Қазақстанның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы жөніндегі комиссияның отырысы өтті

1002

Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы жөніндегі комиссияның 56-шы отырысы видеоконференция арқылы өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.  

Қазақстанның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Отырыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға, әмбебап халықаралық шарттардың атқарушы органдарына және басқа да халықаралық органдарға міндетті мүшелік және ерікті жарналарын төлеу жоспарлары бекітілді.

Комиссия мүшелері Қазақстанның халықаралық ұйымдарға қатысуын қамтамасыз етуге арналған қаражатын ұтымды пайдалану мәселесін қарастырып, тиімсіз және маңызы аз шығындарды анықтау және қысқарту жөніндегі жұмысты жалғастыруға шешім қабылдады.

Отырыс барысында ҚР Сауда және интеграция министрлігінің, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің, ҚР Әділет министрлігінің және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша есептері тыңдалды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу