"Техникалық жаңылыстарға байланысты мемлекеттік қызмет түрлерін ХҚКО операторлары арқылы алу әлі де қолжетімсіз екенін хабарлауға мәжбүрміз. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мен Мемлекеттік корпорация мамандары бұл проблеманы шешу үстінде. Азаматтардан қалыптасқан жағдайға байланысты түсіністік білдіруін сұраймыз", – деп ақпараттандырды "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметінен.
Еске сала кетсек, барлық қызмет түрлері Электронды үкімет порталында онлайн-режимде, Egovkzbot 2.0 Telegram-боты және Egov mobile мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді. Қажеттілік туындаған жағдайда азаматтар кеңес алу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету секторларындағы корпорация қызметкерлерінің көмегіне жүгіне алады.
Бұған дейін қазақстандықтардың ХҚКО қызметін видео тілдесу арқылы ала алатыны хабарланған.