Қазақстанның импорты неге өсіп жатыр

803

Ұлттық банктің төлем балансы департаментінің директоры Азат Өскенбаев төлем балансының ағымдағы шоты туралы түсіндірме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы.

Қазақстанның импорты неге өсіп жатыр

Ұлттық Банк 2021 жылдағы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасының төлем балансын алдын ала бағалап көрді. Ағымдағы шоттың тапшылығы (-)1,7 млрд АҚШ долларын құрап отыр.

"Есепті кезеңде ағымдағы шоттың жай-күйі ішкі сұраныс пен әлемдік экономикалық белсенділікті қалпына келтірумен анықталды. Сауда балансының профициті өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,9%-ға төмендеп, 9,4 млрд АҚШ долларын құрады", - дейді Азат Өскенбаев.

Оның айтуынша, тауарлар экспорты 3,4%-ға өсіп, 26,9 млрд АҚШ долларына жеткен. Бұл ретте мұнай мен газ конденсатының экспорты (ресми экспорттың 49,7%-ы) 10,8%-ға немесе 1,6 млрд АҚШ долларына төмендеген. Өткен жылға қарағанда әлемдік мұнай бағасының қалпына келу үрдісі екінші жартыжылдықта толық көлемде көрініс табады.

Тауарлар импортының өсуі 9,2%-ды құрап, 17,5 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл ұлғаю тұтыну тауарлары импортының 27,3%-ға немесе 1,2 млрд АҚШ долларына, оның ішінде азық-түлікке жатпайтын тауарлар импортының 36,0%-ға немесе 1,1 млрд АҚШ долларына өсуіне байланысты болды.

"Шетелдік тікелей инвесторлардың кірісі 9,5 млрд АҚШ долларына дейін 42,8%-ға ұлғайды. Ағымдағы шоттың тарихи жай-күйі теріс кірістер балансында оң сауда балансымен сипатталады. 2021 жылдағы бірінші жартыжылдықтың алдын ала қорытындысы Ұлттық Банктің болжамдарына сәйкес келеді", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу