Қазақстанның инфрақұрылымдық жобаларына "CITIC" және "QIA" $150 млн қаражат құяды

1035

Қазақстанның инфрақұрылымдық жобаларына "CITIC" және "QIA" $150 млн  қаражат құяды

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ және "CITIC Capital" $150 млн көлемінде бірлесіп инвестициялау туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

"Бәйтерек" холдингінің еншіліс ұйымы  "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ,  "CITIC Capital" және "Kazakhstan Infrastructure Fund" арасындағы үш жақты келісім ҚХР мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцяннің Астана қаласына сапары шеңберінде жасалды, деп мәлім етті Ұлттық холдинг.

Құжатта "Kazakhstan Infrastructure Fund"-мен бірлесе отырып, инвестициялар тетігі арқылы қазақстандық жобаларға "CITIC Capital Silk Road Fund" және "Qatar Investment Authority" атынан инфрақұрылымдық инвестицияларды тарту көзделген.

"Келісім  маңызды инфрақұрылымдық жобаларды қосымша қорландырып,  сол арқылы "Нұрлы жол" мемлекеттік инфрақұрылымдық бағдарламаны іске асыруға және оның қытайлық "Жібек жолы экономикалық белдеуі"  бастамасымен түйісуіне мүмкіндік береді", – деп атап өтті "Бәйтерек" ҰБХ" Басқарма төрағасы Ерболат Досаев.

"Kazakhstan Infrastructure Fund" Қазақстан Республикасы аумағында инфрақұрылымдық жобаларды қаржылық қолдау мақсатында "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ құрған тікелей инвестициялар қоры болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу