Қазақстанның ипотекалық компаниясы несиелеудің жаңа түрін таныстырды

1063

"Орда" ипотекасы бойынша қарыз алу үшін клиент үй құнының 30%-ын алдын ала төлеп, төлем қабілетін толық растауы қажет. Үміткерлердің басында баспана бар-жоғы маңызды емес

Қазақстанның ипотекалық компаниясы несиелеудің жаңа түрін таныстырды

Қазақстанның ипотекалық компаниясы (ҚИК) несиелеудің жаңа түрін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Орда" ипотекасын қазақстандықтар осы айдың соңынан бастап рәсімдей алады. Жаңа бағдарламаның арқасында баспанасыздар жаңа немесе қолданыстағы үйлерге қол жеткізеді. Сонымен қатар, үміткерлердің басында баспана бар-жоғы маңызды емес. Несие ҚИК әріптестері болып саналатын ЕДБ (екінші деңгейлі банктер) арқылы беріледі", - деді компаниядан.

Егер үміткерлер төлем қабілетін дәлелдей алса, ипотекалық қарыз бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме - 12% болмақ. Ал егер толық дәлелдей алмаса, 14%-бен беріледі.

"Орда" арқылы ең көп дегенде 40 млн теңгеге дейінгі сомаға баспана алуға болады. Қарыз 20 жылға беріледі. Бұл ипотека Қазақстанның 16 қаласында жүргізіледі. Бірақ, клиенттің жасы 21-ден асып, несие мерзімі аяқталғанша зейнет жасына жетпеуге тиіс", - деді ҚИК-тан.

"Орда" ипотекасы бойынша қарыз алу үшін клиент үй құнының 30%-ын алдын ала төлеп, төлем қабілетін толық растауы қажет. Ал төлем қабілетін растай алмаса, үй құнының 50 %-ын алдын ала салуы керек. Сонымен қатар, алғашқы салым болмаған жағдайда клиент өзінің басындағы жылжымайтын мүлкін кепілге қойса болады.

"Біздің ипотека көптеген қазақстандықтардың баспана жағдайын түзетуге мүмкіндік береді. Борышкерлер өздеріне ыңғайлы параметрлер арқылы қолайлы айлық төлем белгілей алады", - деді ҚИК басшысы Әділ Мұхамеджанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу