Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ирандағы бұрынғы елшісін жаңа қызметке тағайындады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.
"Аралды құтқару халықаралық қорының президенті және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Оразбай Асхат Тұтқышбайұлы Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы комитетінің төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін, Мемлекет басшысы Қазақстанның Ирандағы елшісін қызметінен босатқаны хабарланған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу