Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Ол Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметі мен Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу