Қазақстанның ірі тауар өндірушілері Дубайда өз өнімдерін ұсынады

660

Ресми мәліметтерге сәйкес, 2017 жылы Қазақстан мен БАӘ арасында тауар айналымы 643,06 млн долларды құрады.

Қазақстанның ірі тауар өндірушілері Дубайда өз өнімдерін ұсынады

14-15 тамызда Дубай қаласында Қазақстан мен БАЭ-ның сауда-экономикалық қатынастарына арналған жиын өтеді, деп хабарлайды silteme.kz.

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жыл сайын дамып келеді.

Экономикасы тұрақты ел ретінде БАӘ-мен инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, энергетика, білім беру және мәдениет саласында екіжақты ынтымақтастықты дамытудың үлкен перспективалары бар.

Ресми мәліметтерге сәйкес, 2017 жылы Қазақстан мен БАӘ арасында тауар айналымы 643,06 млн долларды құрады (экспорт - 558,7 млн, импорт - 84,3 млн). Өткен жылмен салыстырғанда тауар айналым шамамен 2 есеге өскен. Қазақстан БАӘ-не экологиялық таза ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттауда үлкен маңызға ие. Ең алдымен бұл ет өнімдері, бұршақ (жасымық, ноқат, тәтті бұршақ, бұршақ), бидай, ұн, өсімдік майы және бал. Осыған орай, 2018 жылдың 14-15 тамызында  Дубай қаласында екіжақты ресми сауда-экономикалық жиын өтетінін хабарлаймыз.

Шараны Қазақстан Республикасының сыртқы сауда палатасы, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР инвестициялар және даму министрлігі, БАӘ-дегі Қазақстан Республикасының елшілігі және Дубай, БАӘ сауда-өнеркәсіп палатасы  ұйымдастыруда.

Қазақстан тарапынан  ірі тауар өндірушілері барады деп жоспарлануда. Бұл БАӘ кәсіпкерлері үшін де, қазақстандық кәсіпкерлер үшін де өз өнімдерін ұсынуға тамаша мүмкіндік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу