Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 триллион теңге болды – Президент

735

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 триллион теңге болды – Президент Фото: inform.kz

"Нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет. Қазір әлемде геосаяси ахуал ушығып тұр. Соған қарамастан, ел экономикасының негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштер өсті. Былтыр Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 трлн теңге болды. Елімізге 28 млрд доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш", – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, сыртқы сауда-саттық бұрын болмаған деңгейге, яғни 136 млрд долларға жеткен.

"Оның 84 млрд доллары – экспорт. Сыртқы қорымыз 100 млрд долларға жуықтады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу