IT-қызметтер негізінен заңды тұлғаларға көрсетілген – қызметтердің 82,1%, тағы 4% - жеке тұлғаларға, 13,9% – резидент емес тұлғаларға.
Резидент емес тұлғаларға көрсетілетін ІТ-қызметтер бойынша қызметтің басым бөлігі АҚШ (31,6 млрд теңге), Швейцария (26 млрд теңге) және Ұлыбританияға (12 млрд теңге) көрсетілген. Деректер ІТ-қызмет ұсынатын заңды тұлғалар арасында жаппай зерттеу және дара кәсіпкерлер арасында іріктеме зерттеу негізінде жиналған ақпаратты қамтиды.
Көрсетілген IT-қызметтердің түрлері бойынша ең үлкен көлем бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуге (257,7 млрд теңге) тиесілі. Одан кейін орындарда – басқа топтамаларға енгізілмеген ақпараттық технологиялар мен ақпараттық жүйелер саласындағы қызметтің басқа да түрлері (201,3 млрд теңге); қосымшаларды орналастыру және осыған байланысты қызметтер (146,5 млрд теңге).
Өңірлік бөліністе ІТ қызметтердің негізгі үлесі, яғни 88,2% Алматы (478,7 млрд теңге) және Астана (356 млрд теңге) қалаларының компанияларына тиесілі.