Қазақстанның Израильдегі елшілігі үндеу жасады

462

Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты ондағы қазақстандықтарға сақтық шараларын бұлжытпай орындауға кеңес берілді.

Қазақстанның Израильдегі елшілігі үндеу жасады Фото: ОНТ

Сонымен қатар Тель-Авивтегі елшілікпен үнемі байланыста болу керектігі ескертілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі аясында Израильдегі Қазақстанның барлық азаматтарына күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауды, қырағы әрі абай болуды, соңғы жаңалықтарды қадағалап отыруды, сондай-ақ Қазақстан елшілігімен байланыста болуды ұсынады", – делінген хабарламада.

Израильде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін апаттық байланыс желілері жұмыс істейді. 

Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефон нөмірлері:

Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің байланыс нөмірлері:

+972 (3) 503 78 85 (кезекші)

+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)

+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)

+7 700 111 31 96 (WhatsApp)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу