Қазақстанда шығарылған JAC автокөлігін Тәжікстанға тасымалдау басталды, де хабарлайды sputniknews.kz.
"Азия Групп Тәжікстан" холдингіне арналған бірінші партияның көлемі 55 автокөлікті құрайды, олардың жалпы құны 600 мың доллар шамасында. Жоба аясында барлығы мың JAC автокөлігі Тәжікстанға жіберіледі. Жалпы құны 10,5 миллион доллар болмақ. Душанбеге жеткізілетін көліктер "СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" кәсіпорнында жасап шығарылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу