Қазақстанның қай аймағында фастфуд қымбаттады?

458

Сәуірде фастфуд қызметтерінің құны бір айда 0,4%-ға, ал жылдық мәнде 15,9%-ға қымбаттады. 

Қазақстанның қай аймағында фастфуд қымбаттады? Фото: google.com

Бір айда баға айтарлықтай Солтүстік Қазақстан облысында өсті - 5,7%. Бағаның өсуі бойынша үштікке Жамбыл (4%) мен Жетісу (2,2%) облыстары да кірді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бір жылдық мәнде өңірлер арасында баға Батыс Қазақстан (47,2%) және Солтүстік Қазақстан (44,4%) облыстары, Шымкент қаласында (37,9%), сондай-ақ Атырау (33,8%) және Жамбыл (33,7%) облыстарында қатты қымбаттады. Ең төменгі жылдық баға өсімі Түркістан (6,4%) және Қызылорда (6,3%) облыстарында тіркелді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу