Қазақстанның қай өңірі интернетті көп пайдаланады?

993

Қазақстанның әр өңіріндегі интернет қолданушылардың 2020 жылғы трафик тұтыну бойынша арнайы рейтинг жасалды. Beeline сарапшылары еліміз бойынша 9,7 млн абоненттің деректерін сараптай келе Атырау облысының тұрғындары ғаламторды ең көп пайдаланғанын анықтаған.   

Қазақстанның қай өңірі интернетті көп пайдаланады?

"Мұнайлы өлкенің" орта есеппен бір қолданушы бір айда 16,2 гигабайт тұтынған. Бұл ретте, 2019 жылмен салыстырғанда, трафик тұтыну көлемі шамамен 50%-ға өскенін байқауға болады. Жан басына 14,9 гигабайт тұтыну көрсеткішімен екінші орында Түркістан (бұрынғы ОҚО) және Маңғыстау облыстары тұр. Бір адамға шаққандағы гигабайт санының өсуі жағынан оңтүстік өңір алдыңғы қатарда, яғни былтыр мұнда трафик тұтыну көлемі 2 есеге жуық өскен.

Рейтингтің үшінші сатысына Ақмола облысы жайғасты. Өңірде әрбір тұрғын 13,8 гигабайт трафик тұтынған. Алматы облысы 12,7 ГБ көрсеткішімен төртінші орынды иеленді. Еліміздегі ірі екі қала, Алматының бір интернет-қолданушысы 13,3 гигабайт тұтынса, Нұр-Сұлтан тұрғыны 16,7 гигабайт пайдаланған.

Сарапшылардың деректеріне сүйнсек, интернетті ең аз тұтынған Солтүстік Қазақстан (7,6 ГБ), Қостанай (8,2 ГБ) және Қарағанды (9,7 ГБ) облыстары.

"2017 – 2020 жылдарды, трафик тұтыну көлемі Қазақстанда орта есеппен 6 есе өскен. Сыртқы әлеммен байланысудың жалғыз мүмкіндігі интернет болған пандемия кезінде трафик өсті және әлі де өсіп келеді. Бұл үлкен серпін" - деп жазылған оператор таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу