Қазақстанның қай өңірінде жиһаз бағасы қымбаттады?

570

Қымбатшылық Шығыс Қазақстан облысында байқалды.

Қазақстанның қай өңірінде жиһаз бағасы қымбаттады? Фото: abcbiznes.ru

Елімізде бір жылдың ішінде жиһаз бағасы 19 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Биыл қаңтар-тамыз айларының қорытындысында елімізде 51,7 млрд теңгенің жиһазы шығарылды. Бұл көрсеткіш құндық мәнде 1 жыл бұрынғы көрсеткіштен 25,2 пайызға жоғары.

Өңірлер арасында Алматы қаласында ең көп жиһаз өндірілді. Қалада шығарылған жиһаз 13,7 млрд теңгеге бағаланады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 14 пайызға көп. Бұл туралы Energyprom.kz порталы мәлім етті.

Екінші және үшінші орындарда Қарағанды (1 жылда 57,9 пайыз өсіммен 4,9 млрд теңге) және Алматы (58 пайыз өсіммен 4,7 млрд теңге) облыстары тұр.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысында жергілікті компаниялар металл орындықтар мен отыруға арналған өзге де жиһаздармен ішкі нарықты 32,6 пайызға қамтамасыз етті.

Сонымен отандық компаниялар кеңсеге арналған ағаш жиһазбен — 77,3, сауда-саттыққа арналған жиһаздармен — 67,5, ас үй жиһазымен — 63, матрастармен 56,9 пайызға қамти алды.

Осы жылдың тамыз айының қорытындысында жиһаздар мен тұрмыстық заттао бағасы бір жылдың ішінде 19,2 пайызға қымбаттады.

Қымбатшылық Шығыс Қазақстан (+33,1 пайыз), Ақмола (+31,1), Қарағанды (+29,6), Алматы (26,6) және Қостанай (+25,9) облыстарында байқалды.

Ең төмен өсім Маңғыстау облысында тіркелді: 4,3 пайыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу