Қазақстанның қарулы күштері дабыл бойынша еліміздің батысына бағыт алды

1741

Әскерилер аталған аймаққа әртүрлі жолмен барады — өз жолымен, теміржол транспортымен және әскери-транспорттық авиациямен.

Қазақстанның қарулы күштері дабыл бойынша еліміздің батысына бағыт алды

Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен қорғаныс күштерінің әскери бөлімдері мен құрамалары дабыл бойынша оқу-жаттығу жұмыстарына кірісті. Селекторлық режимде өткен жиналыс барысында "Шығыс", "Оңтүстік" және десанттық-штурм әскерилеріне Қазақстанның батыс бөлігіне қайта жасақталып бару тапсырмасы берілді, деп хабарлады Sputnik kz ҚР қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әскерилер аталған аймаққа әртүрлі жолмен барады — өз жолымен, теміржол транспортымен және әскери-транспорттық авиациямен. "Батыс" әскери қолбасшыларына келіп жеткен "Шығыс", "Оңтүстік" және десенттық-штурм әскерилерін қарсы алып, оларды оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілетін алаңға апару міндеті жүктелді. Майдан алаңында болатын және шабуылдаушы авиация аэродромға, ал әскери авиация алаңдардағы вертодромдарға қарай бағыт алады.

Әскери-теңіз күштері тобы ҚР ҰҚК шекара қызметінің әскери кеме және катерлерімен толықты. Сондай-ақ, әскери бөлімшелердің көмегімен шекара маңындағы жекелеген сақшылар жасағы көбейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу