Қазақстанның Қарулы күштері ҰҚШҰ-ға мүше елдермен оқу-жаттығу өткізуге дайындалуда

670

Бас штаб бастығының орынбасары – Жедел жоспарлау департаментінің бастығы генерал-майор Марат Аймашев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Біріккен штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-лейтенант Хасан Калоевтың басшылығымен өткен алғашқы штабтық келіссөздерге қатысты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның Қарулы күштері ҰҚШҰ-ға мүше елдермен оқу-жаттығу өткізуге дайындалуда

Кеңеске Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, ҰҚШҰ Хатшылығы мен Біріккен штабының өкілдері де қатысты.

Талқылауға негіз болған тақырып 2022 жылға бекітілген жоспарға сәйкес Ұйымға мүше елдердің Орталық Азия өңірінде бірлескен оқу-жаттығуларын өткізу болды.

Биылғы жылдың қазан айында Қазақстан аумағында Жедел ден қою ұжымдық күштерінің "Өзара іс-қимыл – 2022" командалық-штабтық оқу-жаттығулары, барлау күштері мен құралдарының "Іздеу – 2022" арнайы оқу-жаттығуы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің "Эшелон – 2022" арнайы оқу-жаттығу өтеді. Орталық Азия өңірінің Жедел өрістету ұжымдық күштерінің "Шекара – 2022" бірлескен оқу-жаттығуын Тәжікстан аумағында өткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Қырғызстанда  бітімгершілік бөлімшелерінің "Мызғымас бауырластық – 2022" командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. 

Іс-шаралар ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің мақсаты бойынша тапсырмаларды орындауға дайындығын арттыруға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу