Қазақстанның Қарулы Күштерінде командалық-штабтық жаттықтыру басталды

Қазақстанның Қарулы Күштерінде командалық-штабтық жаттықтыру басталды

08 Желтоқсан 2016 11:35 782

Қазақстанның Қарулы Күштерінде командалық-штабтық жаттықтыру басталды

Кешенді тактикалық-саптық сабақтар шеңберінде Қазақстанның Қарулы Күштерінде командалық-штабтық жаттықтыру өткізілуде, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Жаттықтыруға Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштер құрылымдық бөлімшелерінің жедел құрамы, Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері, сондай-ақ, өңірлік қолбасшылықтар тартылды.

Командалық-штабтық жаттықтыру үйренуші басқару органдарының, құрамалар мен бөлімдердің дағдарыстық ахуалдарға ден қоюға жауынгерлік әзірлігін тексеру, сонымен қатар, арнайы операцияларды ұйымдастыру кезінде үйлесімділік деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі.

Желтоқсанның 2-і мен 9-ы аралығында Қазақстанның Қарулы Күштерінде жауынгерлік әзірлік бойынша тактикалық-саптық сабақтар жалғасатынын айта кеткен жөн. Олар взвод, рота (батарея, буын), батальон (дивизион, эскадрилья) құрамында, содан кейін бригада (база, полк) құрамында, әрі қарай өңірлік қолбасшылық әскерлері, ҚК әскер тектері, түрлері құрамында өткізіліп, Қарулы Күштер ауқымында аяқталады.

Жалпы алғанда, тактикалық-саптық сабақтар өткізілетін кезде жеке құрамды хабардар ету, басқару пункттерінде жауынгерлік жұмысты ұйымдастыру мен жергілікті басқару органдары және өзге әскерлер мен әскери құралымдардың  аумақтық басқару, сондай-ақ, жауынгерлік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету органдарымен жауынгерлік жұмысты ұйымдастыру мәселелері пысықталады. Құрлық әскерлерінде бөлімшелердің роталық лектерді қалыптастыру аудандарына шығуы, жылжымалы басқару пункттерінің өрістетілуі, аумақтық қорғаныс құралымдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру пысықталады. Әуе қорғанысы күштерінде стационарлық және жылжымалы басқару пункттерінің өрістетілуі, аймақтық қағидат бойынша әуеайлақтардың күзетілуін күшейту жүргізіледі.  Әскери-теңіз күштерінде корабльдердің шоғырлану аудандарына шығуы жүзеге асырылады.

16190

kase-nin-tangy-sessiyasy-1-dollardyn-kuny-–-336-19-tenge

memleket-basshysy-munaj-salasynyn-okilderimen-kezdesti

aziya-elderi-bilim-salasynda-aldyngy-orynga-shykty

indoneziyadagy-zher-silkinisinen-kajtys-bolgandardyn-sany-1

«ekibastuz-shulbi-ses-oskemen»-zhelisinin-zhana-boligi-is

загрузка

×