Қазақстанның қарызы 67 млрд доллардан асты

172

Қазақстанның мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген жалпы қарызы 33,8 трлн теңгеге жетті.

Қазақстанның қарызы 67 млрд доллардан асты Фото: canva.com

Жаңалықты inbusiness.kz сайты Қаржы министрлігіне сілтеме жасай отырып жазды.

Қарыздың басым бөлігі, яғни, 30,5 трлн теңгесі Үкіметтің қарызы. Оның 22,5 трлн теңгесі ішкі нарықтан алынса, 8 трлн теңгесі сыртқы қарыз есебінде.

Сыртқы қарыздардың жартысына жуығын еурооблигациялар құрайды (4,2 трлн теңге). Сонымен қатар, Қазақстанның Халықаралық қайта құру және даму банкіне, Азия даму банкіне, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкіне және Ресей нарығына шығарылған бағалы қағаздар бойынша қарызы бар.

2025 жылдың бірінші тоқсанында қарызды өтеу мен қызмет көрсетуге арналған шығын 982 млрд теңгеге жетті. Осының әсерінен бюджеттің біраз бөлігі қысқаруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу