Еліміздің қасиетті жерлері туралы бейнероликтер BBC World News-тен көрсетілуде

1039

Еліміздің қасиетті жерлері туралы бейнероликтер BBC World News-тен көрсетілуде

"Қазақстан аңыздары" жарнамалық кампаниясы аясында, Қазақстанның қасиетті жерлері – Айша бибі кесенесі, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған ең танымал жәдігер "Алтын адам" тарихы туралы түсірілген бейнероликтер BBC World News телеарнасынан көрсетіле бастады, деп хабарлайды kazakhfilmstudios.kz.

Бейнероликтерді ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша BBC өкілдері және Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы бірлесіп түсірген. 

"Ұлттық кодымыздың негізі болып табылатын, халқымыздың бай мұрасын және мәдениетін насихаттау үшін, "Қазақфильм" киностудиясы BBC World News телеарнасымен бірлесе отырып, "Қазақстан аңыздары" атты жарнамалық кампанияны бастап кетті. Кампанияның басты мақсаты – сыртқы және ішкі мәдени туризмді дамыту. Ол өз кезегінде әлемдік бәсекелестікке жол бастайды" , - деді Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының вице-президенті Серіп Жұбандықов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу