Қазақстанның кей аймақтарында аптап ыстық болады

889

Қазақстанның кей аймақтарында аптап ыстық болады

3 шілдеде Қазақстанның солтүстік бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады. Республиканың оңтүстік бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең тұман болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай, желдің екпіні 15-20 м/с-ге жетеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай болады. Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі, Маңғыстау облысында қатты ыстық, кей жерлерінде аптап ыстық күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу