Қазақстанның кей облысында қар жауып, жолдар тайғақ болуы мүмкін

252

Бес облыста жаңбыр аралас қар жауады.

Қазақстанның кей облысында қар жауып, жолдар тайғақ болуы мүмкін Фото: atr.kz

29 қазанда еліміздің бес облысында ауа райы күрт қолайсыздануы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Абай, Алматы, Қарағанды, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр аралас қар, кей жерлерде қар жауады.

Қолайсыз ауа райы республикалық маңызы бар автожолдардағы қозғалысты қиындатуы ықтимал. Жолдың кейбір учаскелерінде көріну қашықтығы төмендеп, көктайғақ болуы мүмкін.

Жүргізушілерге жолға шығарда ауа райын ескеріп, қауіпсіз арақашықтықты сақтауға, жылдамдықты жол жағдайына қарай таңдауға және күрт маневр жасамауға кеңес беріледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу