Қазақстанның кей өңірлерінде дабылды ескерту жарияланды

723

Қызылорда және Түркістан облыстарында екпіні күшті жел соғады.

Қазақстанның кей өңірлерінде дабылды ескерту жарияланды

15 маусым таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100 %.

15 маусымда күндіз  Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр күтіледі.  14 маусымда күннің екінші жартысында, 15 маусымда кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл, дауыл, бұршақ, оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20, 15 маусымда екпіні   23 м/с күтіледі.

Шымкент қаласында  15 маусымда таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын жел соғады, күші 15-20 м/с.

Түркістан қаласы 15 маусымда таңертең және күндіз найзағай, шаңды дауыл, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын жел соғады, күші 15-20 м/с.

 Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу