Қазақстанның кей өңірлерінде электр қуатын пайдалануға шектеу қойылады

580

Шектеу электр қуатының тапшылығына байланысты қойылады. Себебі, осы айда елімізде электр энергиясын тұтынудың тарихи жоғары көрсеткіші тіркелді.  

Қазақстанның кей өңірлерінде электр қуатын пайдалануға шектеу қойылады Фото: baq.kz

Осы жылдың желтоқсан айында Қазақстанның Біртұтас электр энергетикасы жүйесінде (БЭЖ) энергия тұтыну көлемінің айтарлықтай өсімі байқалады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

KEGOC компаниясының мәліметінше, 2022 жылғы 7 желтоқсанда қазақстандық энергожүйе тарихында электр энергиясын тұтынудың ең жоғары көрсеткіші тіркелді.

"Электр қуатын пайдаланудың ең жоғарғы көрсеткіші – 16 459 МВт тіркелді, бұл ретте еліміздегі электр станцияларының жиынтық генерациясы тек 15 203 МВт құрады. Тапшылық Ресей энергожүйесінен келген жоспардан тыс қуат ағыны есебінен жабылып отырды", - дейді компания өкілдері.

Электр энергиясы мен қуатқа деген қажеттілікті жабу үшін генерацияның жүйелі жетіспеушілігі ҚР электр станцияларында жиі апаттық және жоспардан тыс жөндеу салдарынан туындайды.

"Айтарлықтай теңгерімсіздік туындаған жағдайда Жүйелік оператор Қазақстан БЭЖ-нің сенімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың электр энергиясын тұтынуына шектеу енгізе отырып, қазақстандық энергожүйенің Солтүстік, Оңтүстік, сондай-ақ Батыс аймағы бойынша "Апаттық" режимін жариялауға мәжбүр", - дейді мамандар.

Бұл ретте Жүйелік оператор халықтың электр энергиясына қажеттілігін толық қамтамасыз етуге басымдық береді деп сендіреді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу