"Қазақстанның көлік холдингі" 39 млн теңгеге жуық негізсіз кіріс алған

668

Нұр-Сұлтан қаласына кірме жолдар саласындағы тариф төмендетілді және "Қазақстанның көлік холдингі" ЖШС-не айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақстанның көлік холдингі" 39 млн теңгеге жуық негізсіз кіріс алған

"Қазақстанның көлік холдингі" ЖШС-ның 2020 жылға арналған тарифтік сметасы мен инвестициялық бағдарламасының орындалуына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша, субъектінің "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15) және 16) тармақшаларының, атап айтқанда бекітілген тарифтік сметаның және 2020 жылға бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы жөніндегі талаптарын сақтамағандығы анықталған. Нәтижесінде "Қазақстанның көлік холдингі" ЖШС-ы 38 779 207,63 теңге мөлшерінде негізсіз кіріс алған.

Компания негізсіз алынған кірісті уақытша өтемдік тариф енгізу арқылы қайтаруға міндеттелді.

Комитеттің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті 2021 жылғы 1 тамыздан бастап "Қазақстанның көлік холдингі" ЖШС-ның бәсекелес кірме жолы болмаған кезде кірме жолдар саласындағы қызметіне уақытша өтемдік тарифтерді енгізді.

"Қазақстанның көлік холдингіне" "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша 816 760 теңге сомасында айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу