Қазақстанның көмір өндірушілері биыл 78,49 миллион тонна көмір өндірген

1896

Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8%-ға (4,3 млн тонна) артық.

Қазақстанның көмір өндірушілері биыл 78,49 миллион тонна көмір өндірген

Жылыту мауысымына дайындық басталғаннан бері теміржол көлігімен 27,2 млн тонна көмір тасымалданды, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

ҚР ИДМ индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің мамандары Астана қаласының көмір сататын орындарына көшпелі мониторинг жүргізді. Мамандар ЖК "Сабина", "Бек-Айда" ЖШС, "Северэнергоугольснаб" ЖШС, ЖК "Айткожинов", "Магнит 21 век" ЖШС сияқты 5 нүктеге барды. Сату пункттерінде көмір жетіспеушілігі деген мәселе жоқ. Қатты отын қалаған азаматтар үшін еркін сатылып жатыр.

Қазіргі уақытта Астана қаласының жалпы көмір қоры 7998,55 тоннаны құрайды. Жылыту маусымына дайындық басталғаннан бері Астанаға 81,5 мың тонна көмір жеткізілген.

Соңғы деректер бойынша, бүгінгі күні Қазақстанның көмір өндіретін компаниялары жыл басынан бері түрлі сорттағы 78,49 млн тонна көмір өндірген. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8%-ға (4,3 млн.тонна) артық.

Көмір өндіруші кәсіпорындардың қоймаларындағы қорды есептегенде жыл басынан бері 74,15 млнтонна көмір тиеліп, жөнелтілген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 479 мың тоннаға артық (73,67 млн.тонн).

Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа 7,87 млн тонна көмір жеткізілген. 1 мамыр мен 24 қыркүйек аралығында теміржол көлігімен 27,2 млн тонна көмір тасымалданды. Бұл өткен жылғыдан 1,4 млн тонаға немесе 5,4%-ға артық (2018 жылдың басынан 73,6 млн тонна тасымалданды).

Бүгінгі таңда көмір тасымалдауға 29 мың вагон жұмылдырылып отыр. Соның ішінде коммуналдық-тұрмыстық көмір тасымалы үшін 9 мыңға жуық вагон бөлінген.

Ақмола облысына 645 тонна, Ақтөбе облысына 46,6 мың тонна, Алматы облысына 1 189 мың тонна, Қостанай облысына 461,1 мың тонна, Павлодар облысына 348 мың тонна, Солтүстік Қазақстан облысына 405 мың тонна көмір жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу