Найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады, жел күшейеді, ал солтүстік-батыс пен солтүстікте нөсер болады. Тек елдің орталығы, шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде және таңертең еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі.
Маңғыстау, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында, Абай облысының батысы мен солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының таулы аймақтарында, Алматы облысының солтүстігі мен батысында, Атырау облысының оңтүстігі мен батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және батысында, Павлодар облысының оңтүстік жартысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысында, Ақмола облысының батысы, оңтүстігі және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының батысы мен орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Ұлытау облысының батысы мен оңтүстігінде 35 градусқа дейін ысиды.