Қазақстанның көппартиялы Парламенті алға қадам жасады – ШЫҰ халықаралық байқаушылары

719

Қазақстан Президенті қабылдаған сайлаудағы жаңашылдықтарға қатысты барлық қадамдар ел тұрғындарының қолдауымен жүзеге асырылды. Бұл - Қазақстандағы демократиялық процестердің күшеюінің белгісі.  

Қазақстанның көппартиялы Парламенті алға қадам жасады – ШЫҰ халықаралық байқаушылары Фото: ortcom.kz

Қазақстан Республикасы Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарын сайлауды бақылаған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) халықаралық байқаушылары осындай пікірін білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстанның көппартиялы Парламенті алға қадам жасады. Парламенттің жаңа мүшелерінің күрделі заң шығару жағдайындағы жұмысы қалай болатыны қызық", - деді миссия мүшесі, Ресей Федерациясы Федералды Жиналысының Мемлекеттік Думасының ұлттар істері комитетінің төрағасы Геннадий Семигин.

Сондай-ақ спикердің айтуынша, Қазақстан ТМД-ның көптеген елдері үшін демократиялық өзгерістерге батыл қадам жасау тұрғысынан үлгі бола алады.

ШЫҰ байқаушылары сайлау науқанының легитимділігін және бұл сайлаудың маңыздылығы мен беделін арттыратынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу