Қазақстанның қор биржасында жаңа ойыншы пайда болды

863

Қазақстанның қор биржасында жаңа ойыншы пайда болды

Қазақстанның қор биржасы (KASE) "УНИВЕР Капитал" ("УНИВЕР") "қор" және "дериватив" санаттар бойынша мүше болып қабылданған алғашқы шетелдік брокерлік компания атанғанын хабарлады, деп хабарлайды  LS.

Биржадағылар  "қор" санаты бойынша мүше болу KASE-де айналымға (саудаға) шығарылған  құнды қағаздардың биржадағы саудасына қатысуға құқық береді. Ал "дериватив" санаты туынды қаржы құралдарының биржадағы саудасына қатысуға құқық береді

Сауда алаңының басшысы Алина Алданбергеннің мәлімдеуінше,  биржа шетелдік брокерлерді тартуға және қазақстандық нарықтың инвесторлар базасын кеңейтуге мүдделі.

"2016 жылдың қарашасында  халықаралық банктік есеп жүргізетін әрі  ТМД мүше елдерінің 100 пайыз мемлекеттік капиталының қатысуымен құрылған  несиелік институт болып табылатын  Мемлекетаралық банк KASE-де "валюталық" санат бойынша мүше болды. Отандық биржа тарихында  алғашқы шетелдік қатысушы Промсвязьбанк болды. Ол 2010 жылдың қарашасында "валюта" санаты бойынша мүше атанды", – деп атап өтті KASE-нің басқарма төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу