Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Дмитрий Шугаевтің сөзіне шүбә келтірді

731

Қазақстан 2021 жылы Ресей тарапынан "Орлан-10Е" ҰҰА көпфункционалды кешенін ғана алған.  

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Дмитрий Шугаевтің сөзіне шүбә келтірді

Ресейдің Әскери-техникалық ынтымақтастық федералдық қызметінің директоры Дмитрий Шугаев РБК-ға сұхбатында Қазақстан Ресейден биыл қару-жарақ пен әскери техника сатып алғаны туралы айтқан болатын. Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Шугаевтың "қатесін" түзетіп, хабарлама таратты, деп жазады inbusiness.kz.

"БАҚ-та Қазақстанға 2021 жылы Ресей қару-жарағы мен әскери техникасын жеткізу жөнінде ақпарат таралуда. 2021 жылы Ресей тарапынан Қазақстан Қарулы Күштерінің мүддесі үшін "Орлан-10Е" ҰҰА көпфункционалды кешенін ғана жеткізетінін хабарлаймыз.

Сонымен қатар Қазақстан өткен жылдары Су-30СМ ұшақтарын, Ми-35М тікұшақтарын, "Бук-М2Э" зениттік зымыран кешенін, БТР-80 және БТР-82А бронетранспортерлерін, сондай-ақ атыс қаруларын сатып алған. Бұған қосымша ел әскерінің қару-жарақ құрамында жеңіл брондалған "Тайфун-К" автокөліктері жоқ екенін хабарлаймыз", – деп жазылған ведомство хабарламасында.

Бұған дейін сайтымызда "Биыл Қазақстан Ресейден қандай әскери техника мен қару-жарақ сатып алды" деген тақырыпта ақпарат шыққан болатын. Алайда Қорғаныс министрлігі Дмитрий Шугаевтың сөзін жоққа шығарып отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу