Қазақстанның көрнекті композиторы Бақир Баяхунов өмірден өтті

412

Композитор консерваторияда 40 жылдан астам еңбек етті.  

Қазақстанның көрнекті композиторы Бақир Баяхунов өмірден өтті Фото: madeniportal.kz

Қазақстанның халық әртісі, көрнекті композитор әрі профессор Бақир Яхияұлы Баяхунов өмірден өтті. Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бақир Баяхунов бар ғұмырын музыка өнеріне арнап, Қазақстандағы композиторлық мектептің дамуына елеулі үлес қосты. Ол қазақтың музыкалық мұрасы мен Шығыс халықтарының әуендерін еуропалық академиялық музыка дәстүрімен ұштастырып, ұлттық өнер қазынасын байытты.

Композитор Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында 40 жылдан астам уақыт еңбек етіп, бірнеше буын кәсіби музыкант тәрбиеледі. Ол шәкірттеріне білім беріп қана қоймай, өнердің қадірін түсіндіріп, шығармашылық жолда бағыт-бағдар көрсетті.

Бақир Баяхуновтың шығармашылық мұрасы мен ұстаздық өнегесі ел жадында сақталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу