Қазақстанның көші-қон ережесін бұзған 7 африкалық азамат елден шығарылды

422

Олардың барлығына 5 жылға дейін Қазақстанға кіруге тыйым салынды.

Қазақстанның көші-қон ережесін бұзған 7 африкалық азамат елден шығарылды  Фото: Polisia.kz

Алматы да “Мигрант” операциясы аясында көші-қон ережелерін бұзғаны үшін ел аумағынан 7 африкалық азамат шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы қаласының полицейлері көші-қон ережелерін бұзғаны үшін ел аумағынан шығарып жіберу туралы сот шешімдерін орындаудан қашып жүрген шетелдіктерді анықтау шараларын жүргізіп жатыр. 

Іс-шараның үш күнінде көші-қон  заңнамасын бұзғандарды ел аумағынан шығару туралы 504 сот шешімі шықты. 62 шетелдік күштеп шығарылды. Олардың барлығына 5 жылға дейін Қазақстанға кіруге тыйым салынды.

Осылайша полицейлер Алматы қаласы әкімдігінің көмегімен Африка континентінің 7 тұрғынын азаматтық алған елдеріне күштеп шығарып жіберді. 

Аталған шетелдіктер белгіленген мерзімде Қазақстаннан шықпай, еліміздің көші-қон заңнамасын бұзып, сот қаулысымен ҚР шегінен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу