Қазақстанның құнды қағаздары алғаш рет ресейлік биржада саудалана бастады

1222

Қазақстанның құнды қағаздары алғаш рет ресейлік биржада саудалана бастады

Қазақстанның бағалы қағаздар тарихында алғаш рет қазақстандық эмитенттер акциясы Ресей нарығында сатыла бастады. Нақтырақ айтсақ, "БАСТ" пен Ақтөбе металл конструкция зауыты Санкт-Петербург биржасының тізіміне енді, деп хабарлайды 7kun.kz.

Естеріңізде болса, бұған дейін қазақстандық "БАСТ" тау-кен компаниясының акцияларын ресейлік биржаға шығару жоспарланып отырғаны жазылған. Мұндай ұсынысты "Фридом финанс" АҚ  тастаған. Компанияның корпоративті қаржы департаментінің директоры Сәкен Өсердің айтуынша, ресейлік нарыққа кіру компания акцияларының тез өтуіне әсер етеді.

Оның сөзінше, осыған дейін ресейлік инвесторлар компанияға қызығушылық танытып, Қазақстанның қор биржасындағы бағаға қарағанда қымбатырақ сатып алуға дайын тұрған. Бірақ қазақстандық брокерлік компанияларда есептердің болмауы және инфрақұрылымының өз деңгейінде дамымағандығы кедергі болды. Аталған мәселелер шешіліп, компания акциялары ресейлік биржа тізімдеріне енді.

Қазір компания акцияларының бағамында біршама өзгеріс бар: Ақтөбе металл конструкция зауытының акциялары — 35 %-ға (11 177 теңгеден 15 121 теңгеге дейін), "БАСТ" акцияларының бағасы 75 %-ға (21 827 теңгеден 38 232 теңгеге дейін) қымбаттады. "Фридом Финанс" басшысы Тимур Турловтың айтуынша, қазақстандық компаниялардың IPO-ға шығуы кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын қамтамсыз етіп, қосымша қаржы тартуы мүмкін.

Санкт-Петербор биржасындағы сауда қорытындысына қарап, қазақстандық компаниялардың акцияларына сұранып артып келе жатқанын айтуға болады. Мысалы, 2016 жылдың 1 қарашасында "БАСТ" компаниясының акциясының сатып алу жөнінде 8 келісім-шарт жасалса, Ақтөбе металл конструкция зауытының акциясын алуға қатысты 7 шарт жасалған. Жалпы сатып алынған акциялар саны 197-ге жетіп, олардың құны 909,49 мың рубльге бағаланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу