Қазақстанның Қырғызстандағы экс-елшісі "Қазселденқорғау" басшысы болып тағайындалды

1341

Кәрім Көкірекбаев "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің басшылығына келді.

Қазақстанның Қырғызстандағы экс-елшісі "Қазселденқорғау" басшысы болып тағайындалды

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 469 ж/қ бұйрығына сәйкес ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің басшысы болып Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев тағайындалды",– делінген ТЖК баспасөз қызметінің хабарламасында.

62 жастағы Кәрім Көкірекбаев Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған. Сондай-ақ, вице-министр, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу