Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі ауысты

910

Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.  

Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі ауысты

Мемлекет басшысының Жарлығымен Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

​​Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев 1963 жылы 22 тамызда Жамбыл облысында дүниеге келген.

Қырғыз мемлекеттік университетін, Санкт-Петербург экономика және қаржы университетін бітірген. Экономика ғылымдарының докторы.

Өзінің дипломатиялық қызметін 1993 жылы ҚР СІМ Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының үшінші хатшысы ретінде бастады.

Қазақстанның Литвадағы елшілігінде жұмыс істеді.

ҚР Президенті Протоколы басшысының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Конфессияаралық қатынастар жөніндегі бөлімінің меңгерушісі болды.

2004-2007 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды. Сондай-ақ, ҚР СІМ Жауапты хатшысы, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары лауазымдарын атқарды.

2018-2019 жылдары "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" КЕАҚ басқарды.

Қазақстанның Қырғызстандағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болған.

І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу