Рәсім барысында Қырғызстан Президенті Елшіні қызметке тағайындалуымен құттықтай отырып, оның аталған лауазымдағы алдағы жұмысы екі мемлекет арасындағы тату көршілікке негізделген өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді, деп жазылған СІМ таратқан ақпаратта.
Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы саяси диалогтың жоғары деңгейін атап өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру мүмкіншіліктері бойынша пікір алмасты.