Қазақстанның Қытай, Латвия, Болгариядағы елшілері ауысты

1160

Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстанның Қытайдағы, Тимур Владимирұлы Пірімбетов Латвиядағы, Теміртай Рымтайұлы Ізбастин Болгариядағы елшісі атанды.

Қазақстанның Қытай, Латвия, Болгариядағы елшілері ауысты

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстанның Латвия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Ал Литва Республикасындағы төтенше және өкілетті елші Виктор Валерийұлы Темірбаев Қазақстанның Латвия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Теміртай Рымтайұлы Ізбастин Қазақстан Республикасының Болгариядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу