Бейжіңде "Махаббаттың шегі жоқ" халықаралық жәрмеңкесі өтті. Оған Қытай астанасындағы 70-тен астам елшілік пен халықаралық ұйымның өкілдері қатысты, деп хабарлайды 24.kz.
Қазақстанның Қытайдағы елшілігі де қайырымдылықтан қалыс қалмады. Биыл бұл шарадан түскен ақша Юньань провинциясындағы денсаулық сақтау саласын дамытуға жіберіледі. Жәрмеңкеде әр мемлекет өзінің жылы-жұмсағын саудалайды.
Қазақстан павильонында ұлттық тағам мен кәдесый саудаланды. Осы елде миллиондаған жанкүйері бар Димаш Құдайберген бейнеленген брелокқа да сұраныс жоғары. Келушілер қазы-қарта, бауырсақ пен палаудан дәм татты.
"Махаббаттың шегі жоқ" жәрмеңкесі 2009 жылдан бері өткізіліп келеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу