Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі "Kaz Consul" мобильді қосымшасын іске қосты

550

Енді қазақстандықтар Қытайдың кез келген аймағында бола отырып, "WeChat" мобильді платформасындағы "Kaz Consul" парақшасына кіру арқылы онлайн қызмет ала алады. 

Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі "Kaz Consul" мобильді қосымшасын іске қосты

ҚР азаматтары үшін ақпарат пен қызметтердің қолжетімділік деңгейін арттыру мақсатында Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі "Kaz Consul" мобильді қосымшасын іске қосты, деп inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Енді қазақстандықтар Қытайдың кез келген аймағында бола отырып, "WeChat" мобильді платформасындағы "Kaz Consul" парақшасына кіру арқылы неке қию, туу туралы куәлік, ұлттық паспорт, ЭЦҚ кілттер алу, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттер жасау және т.б. мемлекеттік қызметтер бойынша тиісті ақпаратты алатын болады.

Сонымен қатар мобильді қосымшада консулдық округтердің картасы ұсынылған және консулдық есепке онлайн тұру мүмкіндігі қарастырылған.

Бұдан басқа "Kaz Consul" мобильдік қосымшасында көрсетілген телефондар арқылы азаматтарымыз ҚХР аумағындағы Қазақстанның консулдық мекемелерінің кез келген қызметкерімен тікелей байланыса алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу