Қазақстанның Қытайға көмір экспорттау жоспары орындалмай қалуы мүмкін

935

Қара металлургия және көмір өнеркәсібі басқармасының бас сарапшысы Саят Исатовтың айтуынша, транспорттық тасымалдау құны тым қымбатқа шығып тұр.

Қазақстанның Қытайға көмір экспорттау жоспары орындалмай қалуы мүмкін

Қазақстанның Қытайға көмір экспорттау жоспары орындалмай қалуы мүмкін. Себебі бұл жоба экономикалық жағынан тиімсіздігін көрсетуде. Мұндай эксклюзивті ақпарды арнамызға Индурстрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі берді, деп хабарлайды Atameken Business.

Қара металлургия және көмір өнеркәсібі басқармасының бас сарапшысы Саят Исатовтың айтуынша, транспорттық тасымалдау құны тым қымбатқа шығып тұр.

Жалпы Үкімет қатты отынды 3 бағыт бойынша экспорттауды қарастырған. Ресейге, Ресей арқылы Еуропаға және Қытай транзитімен Шығыс Азияға.

2019 жылы Қазақстан 111,1 млн тонна көмір өндірсе, соның 28,1 млн-ны экспортқа жөнелтіліпті. 57,2 млн тоннасы кәсіпорындарға жіберілсе, коммуналдық қажеттікке 11,4 млн кеткен. Қазір резервте 14,4 млн тоннасы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу