Қазақстанның Қытаймен шекарасында ондаған жүк көлігі тұрып қалды

435

Бұл туралы "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстанның Қытаймен шекарасында ондаған жүк көлігі тұрып қалды Фото: gov.kz

"Атамекен" ҰКП таратқан мәлімет бойынша, Қытаймен шекарадағы "Нұр жолы" кеден бекетінде тауар тиелген ондаған автокөлік 11 күннен бері қоғалыссыз тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінің мәліметінше, ондаған көліктің Қазақстан мен Қытай аралығындағы шекарада қаңтарылып тұруына ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан тауарды бері шығаруға мақұлдаудың болмауы себеп болып отыр. Жүктің кідірісі кезінде кейбір жүк көлігін Мемлекеттік кірістер комитетінің кедендік тексеруінен қайта өтуге мәжбүрлеген. 

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қытаймен шекарадағы ағымдағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп, бизнес мүддесін қорғау үшін шара қабылдап жатыр", – делінген Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтында жарияланған хабарламада.

"Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиевке хат жолдап, сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын кәсіпкерлік субъектілері тарапынан халықаралық сауда тауарларын өткізетін автокөлік құралдарын Қазақстан – Қытай кедендік шекарасындағы өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістер органдарының заңсыз ұстауына қатысты шағымдар түскенін жеткізді.

"Кәсіпкерлер түсірген шағымдарда себептері түсіндірілмей Бас диспетчерлік басқармасының өкілдерінің ауызша айтуымен тауарларды шығару мерзімдері 1-2 аптаға дейін созылып жатқаны баяндалған. Кейде жүк көліктері кенедік тексеруден қайталап өтуге мәжбүр болған", – деп атап өтті Тимур Жаркенов.

"Атамекен" ҰКП мамандары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне қарасты кеден қызметтерінің басшылығын осы жағдайға араласып, қазір шекарадағы автомобильдермен болып жатқан кедергіге жол бермеуге шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу