Қазақстанның мақсары майы Жапонияға экспортталды

1123

Қазақстандық экспорттаушы 6 ай бойы сапаны растауға, мемлекеттік және халықаралық стандарттарға сәйкестікке жүргізілген зертханалық талдаулар бойынша мұқият тексеруден өтті.

Қазақстанның мақсары майы Жапонияға экспортталды

"Kaz-Ir AGRO" ЖШС алғаш рет 37,3 тонна көлемінде мақсары майын Жапонияға жөнелтті, деп хабарлайды "KazakhExport" баспасөз қызметі.  

Жапонияға мақсары майын экспорттау туралы келісімшарт биылғы жылдың маусым айында жасалды. "KazakhExport" ЭСК" АҚ "Қарызды сақтандыру" өнімі бойынша 200 000 000 теңге сомасына сақтандыру қорғанысын беру арқылы қолдау көрсетті, нәтижесінде "Kaz-Ir AGRO" ЖШС аграрлық несие корпорациясында шикізат (мақсары) сатып алуға кредит желісін тартты.

Қазақстандық экспорттаушы 6 ай бойы сапаны растауға, мемлекеттік және халықаралық стандарттарға сәйкестікке жүргізілген зертханалық талдаулар бойынша мұқият тексеруден өтті. Қазіргі сәтте компания Нидерландқа мақсары майын жеткізу бойынша жылдық келісімшартты жасау жөнінде келіссөздер жүргізуде.

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында кәсіпорын 400 тонна көлеміндегі өнімді экспортқа шығарды. Мақсары майы Қытай, Чехия, Жапония, Ресей және Өзбекстан елдеріне экспортталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу