Қазақстанның медициналық ұйымдарының рейтингі жасалды

1290

Мемлекеттің тапсырысы бойынша халыққа жалпы 1404 мекеме қызмет көрсетуде.

 Қазақстанның медициналық ұйымдарының рейтингі жасалды

Медициналық сақтандыру қоры Қазақстанның медициналық ұйымдарының рейтингін жасады, деп хабарлайды қордың өңірлік бөлімі.

2019 жылдың алғашқы жартыжылдығында медициналық сақтандыру қоры мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін медициналық ұйымдарды қадағалады.

Бақылау барысында Қостанай қалалық ауруханасы, Балқаш Орталық ауруханасы, Нұр-Сұлтан Орталық жол емханасы мен Текелі қалалық ауруханасында бірқатар кемшілік табылды. Енді медициналық сақтандыру қоры бұл кемшіліктер үшін қаржыландыру көлемін азайтады. Жарты жылда игерілмеген 2,8 миллиард теңге негізгі бағыттар бойынша медициналық ұйымдар арасында үлестіріледі.

Нәтижелі әрі сапалы жұмыс істейтін мердігерлердің тізіміне 98 медициналық ұйым енді. Сараптама қорытындысы олардың 70 пайызының жекеменшік клиника екенін анықтаған. Ал үздіктер қатарында Шымкенттегі көз аурулары ғылыми-зерттеу институты, Жамбыл теміржол ауруханасы, Түлкібас орталық аудандық ауруханасы, Республикалық балаларды оңалту орталығы мен Ұлттық медициналық университеті.

Көрсетілетін қызметтің сапасын көтеру үшін медициналық сақтандыру қоры жасыл аймақтағы мердігерлерді ынталандырып, ал қызыл аймақтағыларға шара қолдануды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу