Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздары J. P. Morgan бақылау тізіміне қосылды

459

Бұл туралы Қаржы министрлігі хабарлады.  

Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздары J. P. Morgan бақылау тізіміне қосылды Фото: pixabay.com

Қазақстанның мемлекеттік бағалы қағаздары GBI-EM (Government Bond Index – Emerging Markets) индексіне енгізу үшін J. P. Morgan бақылау тізіміне қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

J.P. Morgan индекстік жіктемесін қайта қарау қорытындысы бойынша 2026 жылы Қазақстанға GBI–EM дамушы нарықтар индексіне елдің мемлекеттік бағалы қағаздарын әлеуетті енгізу үшін Index Watch-Positive (бақылаудың оң тізімі) мәртебесі берілді.

12 ай ішінде халықаралық клиринг және есеп айырысу инфрақұрылымы арқылы қол жеткізу мүмкіндігін қоса алғанда, халықаралық инвесторлар үшін қазақстандық мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының қолжетімділігі бағаланатын болады. Индекс критерийлеріне сәйкес келетін облигациялардың өтімділігі де қарастырылады.

Мәртебе беру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту, нарықтық инфрақұрылымды жетілдіру және халықаралық инвесторлар үшін қазақстандық қаржы құралдарының қолжетімділігін арттыру жөніндегі бірлескен жұмысының маңызды нәтижесі болды.

Қараудың жаңа кезеңіне көшу қазақстандық мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын халықаралық капитал нарықтарына интеграциялаудағы прогресті растайды. Индекске әлеуетті енгізу шетелдік инвесторлар базасын кеңейтуге, өтімділікті арттыруға және қарыз алу құнын төмендетуге ықпал ететін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу