Қазақстанның мемлекеттік борышы 12 триллионнан асады

1039

Қазақстанның мемлекеттік борышы 12 триллионнан асады

Қаржы министрлігінің қазынашылық комитетінің жедел дерегіне сәйкес, 2017 жылғы 8 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік борышы 12 триллион 928 миллиард 334 миллион 811 мың теңгені құрайды, деп хабарлайды abctv.kz.

Соның ішінде, Қазақстан үкіметі алған қарыз 10 триллион 102 миллиард 616,9 миллион теңге межесінде. Мұндағы ішкі борыш – 5 трлн 416 млрд 769,9 миллион теңге, ал сыртқы борыш –  4 трлн 685 млрд 846,9 миллион теңге болып отыр. Ал ұлттық банк алған борышы 2 триллион 741 миллиард 228 миллион 779 мың теңгені құрайды. Еліміздің әкімдіктері тартқан, яғни "Қазақстанның жергілікті атқарушы органдарының" борышы  84 миллиард 489 миллион 97 мың теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу