Қазақстанның мемлекеттік қарызы: 2023 жылы 1,7 трлн теңге жұмсалады

579

2023 жылы Қазақстан мемлекеттік борышқа қызмет көрсетуге 1,7 трлн теңгеден астам қаражат жұмсайды. Бұл бағамның өзгеруіне және Ұлттық банк белгілеген жоғары базалық мөлшерлемеге байланысты.  

Қазақстанның мемлекеттік қарызы: 2023 жылы 1,7 трлн теңге жұмсалады

Бұл туралы Мәжілісте жаңа үш жылдық бюджет жобасын таныстыру барысында Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"2023 жылға арналған мемлекеттік борышқа қызмет көрсетуге қатысты шығындар 1 трлн 759 млрд теңге мөлшерінде салынды. Өсім, әрине, айтарлықтай", – деді Савельева.

Өсімнің екі негізгі факторы бар. Бірінші, айырбас бағамының өзгеруі. Екінші, қарыз алу құнының қымбаттауы, бұл Ұлттық банк белгілеген базалық мөлшерлемемен байланысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу